Сингапурде жұмыс орындарында құлтемірді қолдану көбейді

Сингапурде жұмыс орындарында құлтемірді қолдану көбейді

Бұл елде жұмыс күші жетпей жатыр. Осы орайда роботтардың көмегіне жүгіну кең етек жаюда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі 5 жарым миллионнан аса тұрғыны бар қала шетелдік жұмысшы күшіне тәуелді. Ал соңғы 2 жылда пандемиядан аралды елде шетелдік жұмысшылар саны 235 мыңға азайып кеткен. Салдарынан туризм, қызмет көрсету, құрылыс және өзге де салалар ақсап, қиындық туындаған.

Майкл О'Коннел, «Gammon Construction» компаниясының бас менеджері:

Жұмысшы күшінің жетіспеушілігі әрдайым болған. Бірақ пандемия кезінде ол өткір сезілді. Мәселе тез арада шешімін табады деп ойламаймын. Сондықтан салаларда жұмыс күші тапшылығын роботтардың көмегімен шешу күшейіп келеді.

Ал ресми дерекке сүйенсек, Сингапур әлемде жұмыс орынында құлтемірді қолдану бойынша Оңтүстік Кореядан кейін екінші орынды иеленеді. Мысалы, Оңтүстік Кореяда өндіріс саласында 10 мың жұмысшыға 1 мыңға жуық робот келсе, Сингапурда 600-дей құлтемір болады. Бұған халықтың қартаюы мен шетелдік жұмысшыларға байланысты жергілікті биліктің жұмыс орындарында автоматтандыру мен құлтемірді кеңінен енгізуді қолдауы ықпал еткен.