Непалда құлаған ұшақта болған 21 адамның мәйіті табылды

Непалда құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақта болған 1 жолаушыдан басқа барлық адамның денесін тапты.

Апат ауданында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Покхара қаласынан ұшып шыққан шағын ұшақ жоғалып кеткен еді. Оқиға кезінде әуе көлігінің бортында үш экипаж мүшесі мен 19 жолаушы болған. Алдын ала тергеуге қарағанда апатқа қолайсыз ауа райы себеп болған.