Лос-Анджелесте оқушылар наразылық шарасына шықты

Лос-Анджелесте мектеп оқушылары наразылық шарасына шықты. Жергілікті әкімшілік ғимаратының жанына жиналған жастар «қарумен қорлағанды тоқтатыңдар» деп ұрандатты.

Жеткіншектер қару-жараққа қатысты елдегі жағдайды түбегейлі өзгертуді талап етіп, үкімет азаматтарды қорғау үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс деген талап қойып отыр. Бұған жақында Техас штатындағы мектептердің бірінде болған қанды қырғын түрткі. Ол кезде 18 жастағы қала тұрғыны бастауыш мектепке кіріп, 19 оқушы мен 2 ересек адамды атып өлтірген. Тағы 13 бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.