АҚШ-та тағы атыс болып, үш адам қаза тапты

АҚШ-та тағы атыс болып, үш адам қаза тапты

Американың Айова штатында атыс болды. 3 адам көз жұмды. Оның біреуі оқ атқан қылмыскердің өзі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам шіркеу маңындағы автотұрақта 2 әйелге оқ атып, кейін өзіне қол жұмсапты. Әзірге қылмыскердің жеке басына қатысты мәлімет жоқ. Кейінгі уақытта АҚШ-та қарумен адам өлтіру дерегі жиілеп кетті. Осыған байланысты ел тұрғындары қару айналымын бақылауды қатаңдатуға қатысты шеруге шыққан.