Шри-Ланка соты Ресей ұшағына тыйым салды

Шри-Ланка соты Ресей ұшағына тыйым салды

Ресейдің «Аэрофлот» компаниясы Шри-Ланкаға сапарын уақытша тоқтатады. Себебі жергілікті сот тасымалдаушыға тиесілі ұшақтың ел аумағынан кетуіне тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Аэрофлот» пен лизингтік компания арасында коммерциялық дау туған. Осы аптада ұшып келген лайнер 16  маусымға дейін кері қайта алмайды. Ресейлік жолаушылар алдағы 2 күн ішінде Мәскеуге жеткізілуі тиіс. Қазір Шри-Ланкаға әуе билеттерінің сатылымы тоқтаған. Украинада соғыс басталғаннан кейін Еуроодақ ресейліктерге ұшақтарын жалға берген лизингтік компаниялардан лайнерлерін кері қайтаруды талап еткен. Салдарынан шетелде Ресей авиатехникасын бұғаттау оқиғалары жиіледі.