АҚШ-та екі адам балқытылған шоколад толы бөшкеге түсіп кетті

АҚШ-та екі адам балқытылған шоколад толы бөшкеге түсіп кетті
vseoshokolade.ru

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Mars кондитерлік фабрикасында екі адам шоколадты балқытатын бөшкеге құлап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Құтқарушылардың айтуынша, олар бөшкенің бүйірінен тесік жасауға мәжбүр болған. Алайда екеуінің контейнерге қалай түсіп кеткені әлі белгісіз.