Үндістанда Бангладеш астанасы Даккада мыңдаған адам наразылыққа шықты

Үндістанда Бангладеш астанасы Даккада мыңдаған адам наразылыққа шықты

Жұрт Үндістанның билік басындағы партиясының ресми өкілі болған әйелдің Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізгені үшін ашуға мінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Нупур Шарма қызметінен кетті. Үнді үкіметі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы күзет те бөлді. Көптеген мұсылман мемлекеттері өздеріндегі Үндістан елшісін шақырып, қолына наразылық нотасын ұстатты. Кувейт тұрғындары үнді тауарларына бойкот жариялады. Бангладеш азаматтары да үнді заттарын алмауға үндеуде. Бұл ел Үндістанның ең ірі сауда серіктесі. Шеруге шыққандар үнді премьер-министрі Нарендра Модидің өзі кешірім сұрауы керек деген талап қойып отыр.