Аргентинада мыңдаған адам шеруге шықты

Аргентинада мыңдаған адам шеруге шықты

Шерушілер Буэнос-Айреске жиналды. Жұрт биліктен жалақыны көбейтуді талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы ереуілге үкімет мүшелерінің бюджет шығынын қысқарту туралы мәлімдемесі себеп болған. Тұрғындар күнделікті тұтынатын заттардың қымбаттап жатқанын, ал айлық көтерілмейтінін алға тартады. Аргентинада инфляция деңгейі 58 процентке артқан. Халықтың 30 процентінде тұрақты жұмыс жоқ. Адамдар негізінен жәрдемақы есебінен күн көреді.

– Бізге күнде тамақ тауып ішу мұңға айналды. Ауырсақ, дәрігерге мүлде қарала алмаймыз. Бізді қойшы, күні бойы аш-жалаңаш жүретін балаларымызға обал.