Австралияда боранда адасып кеткен сегіз адам құтқарылды

Австралияда боранда адасып кеткен сегіз адам құтқарылды

Австралияның Тасмания штатындағы таулы өңірде алай-дүлей соққан боранда адасып кеткен 8 адам табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Суықтан қатты тоңған адамдар бірден ауруханаға жеткізілді. Полицияның хабарлауынша, олар жапалақтап жауған қардан адасып кеткен. Содан құтқару қызметіне телефон шалып, мамандар келгенше қойтастарды паналаған. Қазір оңтүстік полюсте қыс басталды. Тасмания штатында дауыл соғып, электр бағаналары құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды.