Кипрдің туризм саласы ақсап тұр

Кипрдің туризм саласы ақсап тұр

Бұған Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығыс себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені жылда туристік аймаққа осы елдерден 800 мыңнан астам саяхатшы келеді екен. Статистиканы сөйлетсек, 2019 жылы келушілердің бестен бір бөлігін Ресей мен Украина азаматтары құраған. Кипрдің жалпы ішкі өнімінің 10%-і туризмнен түсетін кіріске тиесілі. Бірақ сарапшылар биыл мемлекеттік бюджет 600 млн еуродан қағылады деп топшылап отыр. Бұл онсыз да пандемиядан есеңгіреп қалған туризм саласы үшін жығылғанның үстіне жұдырық. Енді мамандар еуропалықтарға үміт артады.