Қуаңшылық қысып барады – Қытай

Қуаңшылық қысып барады – Қытай

Қытайдың шығысын құрғақшылық жайлап барады. Аймақта жыл басынан бері жауған жауын-шашын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 55 процентке аз дейді мамандар. Билік ауыл шаруашылығы алқаптарын жеткілікті сумен қамтамасыз ету үшін 10 жұмыс тобын құрған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде  Шаньдун  провинциясында 132 мыңға жуық егіс алқабы қуаңшылықтың зардабын шегіп отыр. Метеорологтар маусымда да жауын-шашын аз түседі деп ескертті.

Сюнь Ди, Чжэншань уезінің директоры:

- Соңғы күндері кооперативтері үлкен күш түсіп отыр. Әрбір учаскіге құрғақшылыққа қарсы 300-ден астам техника бөлінген. Мамандар барын салып жатыр.