Сирияда араб сәйгүліктері азайып кетті

Сирияда асыл тұқымды араб сәйгүліктері азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 жыл бұрын 20 мың тұлпар болса, қазір олардың саны 5 мыңға жуықтайды. Оған қарулы қақтығыс себеп. Лаңкестік ұйым өкілдері жануарларды өлтіріп, кейде оларды қару-жарақ тасымалдау үшін қолданған. Кейінгі уақытта тағы бір қиындық пайда болды. Ол қымбатшылық. Салдарынан жем-шөп бағасы өскен.