Түркия Қара теңіз түбімен газ құбырын төсей бастады

Түркия Қара теңіз түбімен газ құбырын төсей бастады

Көгілдір отын «Сакарья» газ кен орнында өндірілмек. Әзірге газ аймаққа Ресей, Әзербайжан мен Ираннан импортталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бастапқыда шамамен 10 млн текше метр газ өндіріледі. Жоспарда бұл көрсеткішті біртіндеп арттыру көзделген. Өз елінен шыққан ресурсты Түркия келесі жылдан бастап игілігіне жаратпақ. Жуырда елдің табиғи ресурстары мен энергетика министрі Қара теңізден шыққан газ,,, қажеттіліктің төрттен бір бөлігін қамтитынын айтқан еді.