АҚШ-та аптап ыстықтан мал қырылды

АҚШ-та аптап ыстықтан мал қырылды

АҚШ-та аномальді ыстықтан 10 мың бас ірі қара мал қырылып қалды. Ең күрделі жағдай Канзас штатында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда ауа температурасының 37 градустан төмен түспей тұрғанына бірнеше күн болды. Дүйсенбіде көрсеткіш тіптен 42 градусқа дейін жетіп, рекорд орнатылды. Жергілікті фермерлер шаш-етектен шығынға батқанын айтады. Өйткені онсыз да қуаңшылық пен жем-шөп қымбаттауының зардабын тартып отырған болатын.