Үндістанда әскер келісім-шарты мерзімінің қысқартылуына қарсы шеру өтті

Үндістанда әскер келісім-шарты мерзімінің қысқартылуына қарсы шеру өтті

Үндістанда әскерге шақырудың жаңа тәртібі енгізіліп, бірнеше аймақта наразылық шерулері өтті.

Кейбір штатта ашуға мінген адамдар жолдарды бөгеп, теміржол станцияларына өрт қойды. Полицейлерге тас лақтырып, әкімшілік ғимараттарды басып алу оқиғалары тіркелді. Ал толқуларға әскерге жаңа шақырылғандармен келісім-шарт мерзімінің қысқартылуы түрткі болды. Өзгерген ережеге сай әскер қатарына алынғандар тек 4 жылға ғана келісімге отыра алады. Ал ескі жүйе бойынша азаматтар бірден 17 жылға қызмет етуге қол қойып, мемлекет тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын.