Испанияда орман өрті жиіледі

Испанияда орман өрті жиіледі

Испанияда аптап ыстықтан орман өрті жиіледі. Каталония аймағында тағы бір өрт ошағы тіркелді.

Лаулаған жалын 500 гектар жерге таралып үлгерген. Тілсіз жаумен 300-ден аса өрт сөндіруші күресіп, ұшақ пен тікұшақтар да қолданылып жатыр. Мамандар құрғақ ауа мен өңірдің таулы болуы біраз қиындық келтіріп жатқанын айтады. Табиғат апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.