Әлемде 2100 адам маймыл шешегіне шалдықты – ДДСҰ

Әлемде 2100 адам маймыл шешегіне шалдықты – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде маймыл шешегін жұқтырған науқастардың саны 2100 адамнан асты.

Індет 42 елде тіркелген. Аурудың эпидорталығы Еуропа елдері болып отыр. Онда бұрын-соңды тіркелмеген ауру жылдам тарап жатыр. Ал жуырда Чилиде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам анықталды. Науқас жуырда Еуропадан келген екен. Қазір ол уақытша оқшауланды. Онымен қарым-қатынаста болғандар дәрігерлердің жіті бақылауында.