АҚШ-та 5 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

АҚШ-та 5 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

АҚШ-та 5 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді.

Шешімді Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қабылдады. Бұл жергілікті билікке келесі аптадан бастап осы жастағы бүлдіршіндерді егу бойынша жалпұлттық науқан бастауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын қадағалаушы орган «Модерна» мен «Пфайзер» компаниясына 6 айдан 4 жасқа дейінгі балаларға ковидке қарсы екпе салуға рұқсат еткен. Жалпы бұл дерт бүлдіршіндерде жеңіл түрде өтеді. Бірақ сарапшылардың айтуынша, 2020 жылдың наурыз айынан бастап 4 жасқа дейінгі балалар арасында осы індеттен өлім-жітім көбейе түскен.

Рошель Валенский, ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры:

- Елде 20 миллионға жуық бала коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Бұл екпелер көп сыналып, тиісті тексерулерден өтті. Ол өзінің қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетті.