Еуроаймақта инфляция шарықтап тұр

Еуроаймақта инфляция шарықтап тұр

Еуроаймақта маусым айындағы инфляция 8,6 процентке дейін жетіп, рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуростат ұсынған мәліметке сәйкес еуроны қолданатын 19 елде тұтынушылық баға 1999 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Қымбатшылық, әсіресе, Эстония, Литва, Латвия, Словакия мен Грекияда қатты сезіледі. Онда энергия тасымалдаушылардың бағасы орта есеппен 41,9%-ке, ал, азық-түлік, ішімдік пен темекінің құны 8,9 %-ке қымбаттады. Бағаның шарықтауына Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс себеп. Санкцияларға сәйкес Еуроодақ жыл соңына дейін Ресейден импортталатын мұнайдың 90 процентінен бас тартпақ. Ал Еуропалық Орталық банк соңғы 11 жылда алғаш рет негізгі мөлшерлемені көтеретін жариялады. Келесі өсім қыркүйек айында болады деп жоспарлануда.