Перуде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереуілі өтті

Перуде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереуілі өтті

Перуде қоғамдық көлік жүргізушілері жалпыұлттық ереуіл жариялап, шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қатысушылар жанармай бағасының өсуіне наразы. Ереуіл Перудің 80 пайыз аумағына таралып, тұрғындар діттеген жеріне жете алмай жапа шегіп отыр. «Үкімет жолаушыларды тасымалдаушы компаниялардың талабын орындамаса шараны жалғастыра береміз», -дейді наразы топ өкілдері. Перуде маусым айында инфляция 9,2 пайызға жеткен. Мамандар бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғарғы өсім деп отыр.