Еуроаймақта азық-түлік бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Еуроаймақта азық-түлік бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Еуроаймақта азық-түлік, алкогольдік ішімдіктер мен темекі бағасы шамамен 9 процентке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Мұның алдындағы рекорд мамырда тіркелген еді. Ол кезде бағалар 7 жарым процентке өскен. Сонымен қоса құрамына Еуроодаққа мүше 19 ел кіретін осы Еуроаймақта инфляция деңгейі де өршіп тұр. Сарапшылар оған энергия тасымалдаушылар құнының өсуі мен әлемде азық-түліктің қымбаттауы себеп дейді.