Оққа ұшқан Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Оққа ұшқан Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ жасалған шабуылдан кейін көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Саясаткер Нара медициналық университетінің ауруханасында жан тапсырған. Ол 67 жаста еді.

Еске сала кетейік, Абэге қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған белгісіз біреу екі рет оқ атқан. 

Кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.