Ыстамбұлда нөсерлі жауын селге ұласты

Ыстамбұлда нөсерлі жауын селге ұласты

Ірі шаһарда бір түнде 7 мыңнан астам найзағай түсті. Бұл туралы Апат және төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолды су шайып, 800-ге жуық үй мен кәсіпорынның бірінші қабатын су басқан. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталып жатыр. Синоптиктер Ыстамбұлмен қоса 21 провинцияда нөсерлі жауын-шашын болатынын ескертіп, тұрғындарды тысқа шықпауға шақырды. Биылғы маусым Түркия үшін жауын-шашынды. Бірер апта бұрын ел астанасы Анкарада селден 1, Кастамону провинциясында 3 кісі қаза тапқан еді.

Сүлейман Сойлу, Ішкі істер министрі:

- Алғашқы кезекте сел шайып өткен үйлерге 5 мың лира, дүкен мен кәсіпорындарға 10 мың лира төленеді. Адам шығыны жоқ. Сол қуантады. Жергілікті әкімдікпен келістік. Зардап шеккендер анықталып, көмек дер кезінде жеткізіледі.