ОАР-да кафедегі атыстан 15 адам көз жұмды

ОАР-да кафедегі атыстан 15 адам көз жұмды

 Оңтүстік Африка Республикасының Соуэто қаласындағы кафелердің бірінде атыс болып, 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның мәліметінше қаруланған бір топ адам ғимаратқа басып кіріп, қонақтарға оқ жаудырған. Артынша оқиға орнынан ізін суытқан. Шабуыл жасағандардың кім екені, не үшін мұндай қадамға барғаны белгісіз. Бәрі 19 бен 35 жас аралығындағы азаматтар, - дейді құқық қорғаушылар.