Ресей Еуропаға газ тасымалдауды азайтты

Ресей Еуропаға газ тасымалдауды азайтты

Кеше түнде «Газпром» Германияға шикізатты жеткізетін басты газ жолы – Солтүстік ағыс құбырын жапты. Компания аталмыш шараның 10 күнге профилактика мақсатында қолға алынғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ Еуроодақ бұл мәңгілікке қабылданған шешім болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Ахуалға байланысты төтенше жағдай жарияланып, дағдарысқа қарсы жоспар қабылдауы мүмкін. Газпром осыдан үш жыл бұрын Еуропаға күніне 500 млн текше метр газ жеткізіп келген.

Алайда биыл Украинадағы ахуалға байланысты оның көлемі тәулігіне 250 млн текше метрге түсті. Ал осы айдың бас кезінде 140 млн-ға дейін төмендеді. Бірлестік алдағы 10 күнде кәрі құрлыққа тек 75 млн текше метр жеткізе алатынын айтады.