Шри-Ланка президенті 13 шілдеде елден де, биліктен де кететінін жариялады

Шри-Ланка президенті 13 шілдеде елден де, биліктен де кететінін жариялады

Мемлекет және үкімет басшылары  өкілетігін тоқтатпайынша, резиденциядан кетпейміз. Кешелі бері Шри-Ланка президенті пен премьер-министрінің резиденциясын басып алған  наразы топ осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жексенбі күні шеруге шыққан халықтың басым бөлігі көшеден кеткен. Алайда қозғалыстың белсенділері президент пен премьердің ресми түрде биліктен бас тартса ғана ғимараттаы босататынын айтты.

Акушла Фернандо, наразылық шеруіне қатысушы:

- Президент премьер-министрмен бірге шілденің 13-де биліктен кететінін айтты. Өкілеттігін тоқтатқанша, яғни 13-14 шілдеге дейін осында қаламыз. Екеуі де халықтың сеніміне селкеу түсірді. Елімізге сатқындық жасады.Сондықтан оларға мүлде сенім жоқ.  

ШРИ-ЛАНКАДА ЕЛ БИЛІГІН САЙЛАУ НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ӨТЕДІ    

Еске салсақ, өткен демалыс күндері мыңдаған шри-ланкалық наразылық шеруіне шыққан еді. Бұған ел экономикасының құлдырауы түрткі болған. Сенбі күні полициямен қақтығыс кезінде жүздеген адам зардап шекті.  Осыдан кейін Президент 13 шілдеде елден де, биліктен де кететінін жариялады. Бүгінде оның қайда екені белгісіз. Ал Шри-Ланкадағы президенттің және парламенттік сайлау наурызға дейін өткізіледі.