Уханьда алғаш рет тырысқақ тіркелді

Ухань университетінің жатақханасында тырысқақ ауруын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны індет жұқтырған науқастың сараптама қорытындылары растайды.

Ауру белгілерінің ішінде диарея мен дене қызуының көтерілуі бар. Науқас қазір емделіп жатыр, бірақ оның кімнен жұққаны белгісіз. Барлық студенттер тексерістен өтіп, мамандар ғимаратты толық санитарлық өңдеуден өткізген.

1979 жылдың маусым айының соңында Испанияда алғаш рет тырысқақ ауруы тіркелді.