Калифорниядағы Йосемити ұлттық паркінің секвоя ағаштарына қауіп төнді

Калифорниядағы Йосемити ұлттық паркінің секвоя ағаштарына қауіп төнді

Өткен тәулікте басталған өрт орманның жеті шақырымына жайылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар тау бөктеріндегі елді-мекен тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сөндірушілер болса, әлемдегі ең үлкен ағаш саналатын 500 секвояны аман алып қалудың амалын жасап жатыр. Десе де ұлттық паркке демалуға келген саяхатшылар орманнан кетуге асығар емес. Олар әліптің артын бағып, демалысын жалғастырмақ ниетте.