Калифорнияда қатарынан төрт жерде атыс болып, 2 адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатында ірі сауда желісінің 4 дүкенінде атыс болып, 2 адам қаза тапты.

Тағы 3 кісі жарақат алды. Қанды оқиғалар Калифорнияның оңтүстігіндегі бір-біріне жақын орналасқан 4 қалада тіркелді. Полиция атыс аталған дүкендерді тонау кезінде болған деп болжап отыр. Оған қатысы бар деген күдікпен бір ер адам іздестіріліп жатыр.