Қытайдағы вирустың таралу екпіні мұнай бағасына әсер етті

Қытайдағы вирустың таралу екпіні мұнай бағасына әсер етті

Лондонның эйс биржасында қыркүйек айында жеткізілетін брент маркалы мұнайдың фьючерстері 1,56 процентке арзандап, 105 доллар 45 центтен саудаланды.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Даблю-Ти-Ай маркасы 102 доллар шамасында саудаланып жатыр.

Сарапшылардың пайымынша, қара алтынның арзандауына Қытайда коронавирус жұқтырғандар санының арту әсер етіп отыр. Блумберг агенттігінің мәліметіне қарағанда Қытай билігі үлкен қалаларда қатаңа шектеу шараларын енгізген. Бұл жанармайға сұранысты азайтуы мүмкін.

Айта кету керек, нарықта АҚШ доллары әлемдегі негізгі алты валютамен салыстарғанда 0,32 процентке нығайды. Ұлттық банк белгілеген бағам бойынша бір доллар 464 теңге 85 тиынға тең. Айырбастау бөлімшелерінде 475 теңге шамасында сатылып жатыр.