Түркияда орман өртіне байланысты үш мыңнан астам адам эвакуацияланды

Түркияда орман өртіне байланысты үш мыңнан астам адам эвакуацияланды

Түркияның оңүстік-батысындағы Мугла провинциясына қарасты Датча ауданындағы орман өрті бақылауға алынды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы Түркияның Анадолы агенттігінен мәлім болды. Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киричшидің сөзінше, өрт 300 гектар орманды алып кеткен. Өрт болып жатқан аймаққа жақын аудандардан 3250 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 10 тұрғын үй нысандарына зиян келіп, олардың төртеуі толықтай жанып кетті. Өртті сөндіруге 10 ұшақ, 17 су атқыш тікұшақ, 3 әкімшілік тікұшақ, 179 өрт сөндіруші көлік, 19 автоцистерна, 29 техника мен 1500 адам жұмылдырылды. Осыған дейін Түркияда маусым айының соңы жаңбырлы болғаны айтылды. Елде тіпті қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланған еді.