Сауд Арабиясы әуе компаниялар үшін әуе кеңістігін ашады

Сауд Арабиясы әуе компаниялар үшін әуе кеңістігін ашады

Сауд Арабиясының билігі барлық әуе компаниялары үшін өзінің әуе кеңістігін ашады.

Басты талап елдің азаматтық авиация басқармасы қойған халықаралық конвенцияға сәйкес талаптарға бағыну керек.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе қатынасы Израильмен де жанданады. Сонымен қатар қажылыққа бағыт алғандар үшін чартерлік рейстер ұйымдастырылмақ. Бұған дейін бұл елмен қатынайтын көптеген рейстер Сауд Арабиясының әуе кеңістігіне кіре алмайтын. Салдарынан жанармайға кететін шығын едәуір артып кетті. Тек арнайы әуе дәлізі арқылы Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейнге ұшатын рейстер ғана жолға шығатын. Ал Израильден Азия елдеріне, оның ішінде Қытай мен Үндістанға ұшақтар ұша алмайтын.