Аргентинада халық үкіметтен көмек сұрып, көшеге шықты

Аргентинада халық үкіметтен көмек сұрып, көшеге шықты

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам биліктен көмек сұрап, көшеге шықты.

Жұрт жылдар бойы жалғасып келе жатқан экономикалық дағдарыс үшін ел президентіне наразы. Қолдарына плакат ұстаған азаматтар сыртқы қарызды жабуға кетіп жатқан қаржыны табысы төмен тұрғындарға берілуін талап етті. Өйткені қымбатшылық салдарынан елдің айлығы шайлығына жетпей жатыр. Кейінгі бір жылда Аргентинадағы инфляция деңгейі 60 проценттен асып кеткен.