Ұлыбританияда қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

Ұлыбританияда қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

Ұлыбританияда қауіптіліктің қызыл деңгейі жариялануына аптап ыстық себеп болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың болжамынша, келесі аптаның басында корольдікте ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Салдарынан темір жол вокзалдарының жүктемесі артады. Өйткені аптап ыстық кезінде қаладан ауылдық жерге немесе су жағасына ағылатындар көбейеді. Қазір Еуропаның өзге елдерінде де күн шыжып тұр. Португалия, Испания, Хорватия мен Францияда орман өрті жиілей түскен.