Британияда премьерліктен үміткерлер арасында тартыс қызды

Ұлыбританияда жаңа премьер-министрдің орнынан дәмелі 5 кандидат арасында саяси тартыс қыза түсті.

Жуырда үміткерлер арасында екінші теледебат өтті. Әр үміткер Консерваторлар партиясының көшбасшысы әрі үкімет басшысы болуға лайықты екенін дәлелдеуге барынша тырысты. Әзірге 5 саясаткердің ішінде елдің бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак депутаттардың басым дауысына ие. Осы аптада үміткерлердің саны 2-ге дейін қысқарады. Кейін Консерваторлар партиясының мүшелері біреуін таңдайды. Нақты шешім қыркүйектің 5-і жарияланады. Борис Джонсонға қатысты дау-дамайдан кейін британдықтардың консерваторлар партиясына деген сенімі азайды. Қоғам арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес қазір оппозициядан Лейбористер партиясына көрсетілген қолдау басым екені байқалады.