Түркияда коронавирусқа шалдыққандар саны 40 есе артты

Түркияда коронавирусқа шалдыққандар саны 40 есе артты

Дегенмен ауруханаға түскендер саны әлдеқайда төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Жалпы соңғы тәулікте 57 мыңнан астам кісі аталмыш вирусты жұқтырған. Алайда елдің бас дәрігері сақтық шаралар қайта енбейді деп сендіреді. Өйткені елде қажетті дәрі-дәрмек бар. Тұрғындарда өзін-өзі қорғау қалыптасқан. Ал медицина қызметкерлері қауымдастығы мұнымен келіспей, маска тағу режимін қайта енгізіп, балаларға ковидке қарсы жаппай екпе салуды бастау керек деп есептейді.