Афина қаласының төңірегі өртеніп жатыр

Афина қаласының төңірегі өртеніп жатыр

Грекияда аптап ыстық салдарынан орман өрті ырық бермей тұр. Тілсіз жау ел астанасы Афина маңына жеткен.

Салдарынан қала қапталында тұратын 600 адам эвакуацияланды. Шаһар төңірегіндегі бірнеше жол жабылды. Күннің ыстығымен екпінді жел де өртті өршітіп жіберді. Қызыл жалынмен күреске жергілікті өрт сөндірушілерге Еуропаның өзге мемлекеттерінен мамандар жіберілген. Эллада елінде былтыр ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде кейінгі 30 жылда болмаған аптап ыстық салдарынан 121 мың гектар аумақ күлге айналды.