Венаның ежелгі наубайханасы жабылуы мүмкін

Венаның ежелгі наубайханасы жабылуы мүмкін

Еуропа елдеріндегі инфляция шағын бизнеске соққы болды. Азық-түлік қымбаттаған соң Австрия кәсіпорындары шығарған өнімдерінің бағасын көтеруге мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің статистика бюросының мәліметіше, өткен айда инфляция деңгейі 8,7 процентке жеткен. Экономикалық дағдарыс салдарынан ашылғанына 500 жылдан асқан ежелгі наубайхана жабылудың алдында тұр. Бұл кәсіпорын былтырға дейін дүкендерге күнделікті нан-тоқаш жеткізіп, дүрілдеп тұрған еді.

Андреас Мадерна, бас аспаз:

Азық түлік бағасы күн санап шарықтап барады. Еңбектеніп шығарған өніміміздің құны әп-сәтті төмендеп жатыр. Тауар жеткізушілер қымбатшылық туралы күнде электронды хат жібереді.