Президент Сауд Арабиясы мен «Самұрық-Қазына» холдингі ықпалдастығын жолға қоюды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саудия Арабиясы инвестициялық қоры мен «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдингі тығыз ықпалдастықты жолға қоюды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл екі ел арасындаы әртүрлі салалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қорының басшысы Ясир Әл-Румайян кездесуінде айтты. Қорды Саудияның басқа да компаниялары сияқты мұнай-химия өнеркәсібіндегі, жасыл энергетиканы дамыту саласындағы, металлургия және тау-кен секторларындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын терең өңдеу жөніндегі ірі инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.