Багам аралдарында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Багам аралдарында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Багам аралдарына жақын жерде мигранттар мінген моторлы қайық аударалып, 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған босқын із-түзсіз жоғалып, ізестіріліп жатыр. 25 адам құтқарылған. Оқиға Нью-Провиденс аралына жақын жерде болды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қайықта 60 шақты адам болған. Олардың бәрі Майамиге бет алып бара жатқан Гати азаматтары көрінеді. Оқиғаға байланысты адамдарды заңсыз тасымалдады деген айыппен 2 күдікті ұсталды.

Филипп Дэвис, Багам аралдарының премьер-министрі:

– Хабар түсе салысымен бірден Құтқару операциясы іске қосылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өкінішке қарай, қаза тапқандардың дені әйел. Марқұмардың арасында бір бала бар.

МИГРАНТТАР ҰСТАЛДЫ

Ал Мексикада полиция бір қоймада АҚШ-қа жасырын өтпек болған 225 мигрантты ұстады. Босқындардың басым бөлігі Гватемала азаматтары. Сонымен қатар Гондуарс, Никарагуа, Куба және Сальвадор тұрғындары бар. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.