Нью-Делиде маймыл шешегі тіркелді

Нью-Делиде маймыл шешегі тіркелді

Үндістан астанасы Нью-Делиде бір адам маймыл шешегін жұқтырып, бұл елде дертке шалдыққандар қарасы 4-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастың кеселді қайдан жұқтырғаны белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, халі бірқалыпты. Қазір әлемде маймыл шешегін 16 мыңнан аса адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттен төнген қауіптің жоғары болуына байланысты оны ғаламдық төтенше жағдай қатарына жатқызған.