АҚШ-та төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

АҚШ-та төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

АҚШ-та климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай енгізілмек. Бұл туралы президенттің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастама Джо Байденге Конгресс қарсылық танытып отырған қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазірге дейін Ақ үй климаттың өзгеруімен күресу мақсатында инфрақұрылымды жақсартуға 2,5 миллиард доллар бөлген. Сарапшылар жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту инфлцияны төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп отыр. Кейінгі апталарда АҚШ-та аптап ыстық орнаған. Мамандар аномальды ауа райын климаттың өзгеруімен байланыстырады.