Әлемде электр энергиясына сұраныс артып барады

Әлемде электр энергиясына сұраныс артып барады

Газдың қымбаттауы электр энергиясына деген сұранысты арттырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көмір электртсанцияларының өндіріс көлемі ұлғайды. Былтыр қуат көзінің осы түрінен шыққан электр энергиясы сағатына 10 мың тераваттан асты. Ал биыл әлем халқы бұдан да көп тұтынады деген болжам бар. Өйткені Еуропа мен Азия қымбат газдан бас тартты. Сарапшылар осылай дейді.

Айта кету кету, керек былтыр әлемде көмір өндірісі қысқарды. Бұл декарбонизация, яғни көміртегі бөлінісін азайту аясында бірқатар елдерде көмір шахталарының жабылуымен байланысты. Дегенмен биыл бұл үрдіс тоқтап, көмір өндірісі рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, қазір ауаны ластаумен күреске қарағанда, осы қуат көзіне сұраныстың артуына басымдық беріліп отыр. Жалпы соңғы он жылда көмір генерациясы басқа қуат көздерімен салыстырғанда баяу дамыды. Бүкіл әлемде өндірісте көмірдің үлесі 2013 жылғы 40%-тен 2021 жылы 36%-ке дейін төмендеді. Бірақ электр энергиясына сұраныстың өсуі барлық қуат көздеріне серпін берді.