АҚШ-та көліктер шоуы кезінде атыс болды

АҚШ-та көліктер шоуы кезінде атыс болды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында атыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы 5 кісі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға шаһардағы саябақтың бірінде автомобильдер шоуы өтіп жатқанда болған. Қайғылы жағдайдың қалай өрбігені әлі белгісіз. Адамдарға кімнің оқ атқаны да беймәлім. Полиция оқиға орнын қоршап, тергеу жүріп жатыр.