Францияда сауда орындары жұмыс уақытын қысқартпақ

Францияда сауда орындары жұмыс уақытын қысқартпақ

Францияның кейбір ірі сауда желілері жұмыс уақытын қысқартуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы энергетикалық дағдарыс себеп. Соңғы кездері елдің электр жабдықтауында іркілістер жиі байқала бастады.  Енді кей дүкендерде әдеттегідей тоқпен көрсетілетін жарнамалар болмайды. Сонымен қатар, жарықтандыруға кететін шығын да азаймақ. Жуырда жергілікті билік те барлық тұрғындарды электр қуатын үнемдеумеуге атсалысуға шақырған еді. Айта кетейік, Украинада қарулы-қақтығыс басталғалы Еуропа елдерінде энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт артып кетті. Бұл кәсіпкерлердің ғана емес, қарапайым халықтың да қалтасынан қақты.

Мишель-Эдуар Леклер, Бөлшек сауда желісінің басшысы:

- Алдағы қыста Ресей газы мүлдем жеткізілмесе жағдай қиындай түседі. Дағдарыс қыспаққа алса, кей дүкендер белгілі бір уақытта жұмыс істемейтін болады. Біз барлық сценарийді болжауға тырысып жатырмыз. Сондықтан кез келген жағдайға дайын болуымыз керек.