Йеменде тасқыннан мерт болғандардың саны артты

Йеменде тасқыннан мерт болғандардың саны артты

Йемендегі тасқыннан қаза тапқандардың саны 22-ге жетті. Бұған дейін 9 адам деп хабарлаған едік. Нөсер жауыннан аймақта көшкін басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезінен бірнеше баспана қирап, жолдар мен ауыл шаруашылық алқаптары жарамсыз күйге айналды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуларынша, жауын әлі бірнеше күн бойы жаумақ. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кей өңірлерден халық эвакуацияланды.