Зеленский Ресейдің газды саяси көзір етуіне тосқауыл қоюға шақырды

Украина президенті Еуроодақ пен АҚШ-ты Ресейге қарсы қосымша санкция қабылдауға шақырады.

Зеленский бұған «Солтүстік ағын-1» газ құбыры арқылы тасымалданатын Ресей газының қысқаруы себеп дейді.

Саясаткердің пікірінше, Кремль Еуроодаққа қысым жасау үшін көгілдір отынды пайдаланып отыр. Осылайша батыс елдерін Киевке көрсетілген қолдауды қайта қарастыруға мәжбүрлеп отыр дейді Зеленский.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Еуропа нарығында газдың 1 мың текше метрі 2000 долларға дейін көтерілуі Ресейге қарсы қабылданатын санкциялардың қатаңдатылуына түрткі болу керек. Ресей бұны әдейі істеп отырғаны айдан анық. Алда қыс мезгілі келе жатыр. Сондықтан Мәскеу "Газпромды" барынша қолданып жатыр.