Нью-Йоркте маймыл шешегінен төтенше жағдай жарияланды

Нью-Йоркте маймыл шешегінен төтенше жағдай жарияланды

Нью-Йорк қаласында маймыл шешегін жұқтырушылар қарасы артып, төтенше жағдай тәртібі жарияланды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазір АҚШ-тағы әрбір төртінші оқиға осы штатта тіркелген. Аймақ басшылығы екпе жеткізуді ұлғайту мен тестілеу мүмкіндігін арттыруды қолға алған. Ал ресми дерекке қарағанда АҚШ-та жалпы дертті жұқтырғандар қарасы 5 мыңнан асқан. Сан-Францискода дертке шалдыққандар қарасы 300-ге жуықтап төтенше жағдай енгізілген.

Мэри Ийззо, Весчестер медициналық орталығының вице-президенті:

- Біздің орталықта маймыл шешегіне қарсы екпе алуға болатыны жайлы хабаралған соң қоңырау шалушылар қатары көбейді. Қазір азаматтарға барынша көмек көрсетіліп жатыр. Келесі аптада вакцина салдырғысы келетіндер көбейеді деп болжап отырмыз.