Ресей көмірін импорттауға салынған тыйым күшіне енді

Ресей көмірін импорттауға салынған тыйым күшіне енді

Еуропалық Одақта бүгіннен бастап Ресей көмірін импорттауға салынған тыйым күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім сәуір айында санкциялардың бесінші пакеті бойынша қабылданған. Көмірден бөлек Ресейден өзге де қатты  отын түрлерін сатып алуға шектеу енгізіледі.

Ресми дерекке қарағанда санкцияға дейін Ресей шетелге 8 миллиард еуроға көмір сатып келген. Оның 22 пайызға жуығы Еуроодаққа жеткізілген. Енді кей еуропалық елдер эмбаргоға байланысты қыс айында үйлерді жылытуда қиындық туындауы мүмкін деп отыр.