АҚШ-та іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр

АҚШ-та іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр

АҚШ-та толассыз жаңбырдан су тасқыны жайлаған Кентукки штатында іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті. Тағы 40-қа жуық тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Әскерилер 400-ден аса адамды құтқарды. Тасқыннан 13 мыңға жуық адам әлі жарықсыз отыр. Штатта жапа шеккендерге көмектесу үшін ондаған баспана ашылған. Ал ауа райын болжаушылар аймақтың 8 округінде тағы су тасқыны жүру қауіпі барын ескерткен.